Арынның төмендеуі

lat: Arynnyń tómendeýi

жерасты суларының арынды ағынының ағу бағыты бойынша қысым шамасының азаюы. Арынның төмендеуі сүзуші жыныстардың кедергісі және судың тұтқырлығы салдарынан болады. Арынның төмендеуі ұзындықтың өлшемділігі болады және ағынның түрлі қималарында оның қозғалысына перпендикуляр бағытта арынның айырымымен өлшенеді.